«Кешьюдің» экс-әншісі Сара Амангелді, топтан кетуінің себебін айтты

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кешьюдің» экс-әншісі Сараның топтан кетуінің себебі, осы уақытқа дейін беймәлім болып келген еді. Кезінде гелзбендтегі тосын өзгеріске қатысты Баян Алагөзова да, оның шәкірті де жұмған аузын ашпаған-ды. Әнші қыз ұзақ уақыт үзілістен кейін, атышулы ұжыммен арадағы қарым-қатынасы жайлы алғаш рет ақиқатты айтты.

Сараның топтағы жұмысты тоқтатқанына тура тоғыз ай толыпты. Осы уақыт ішінде жүз ойланып, мың толғанған әнші қыз, шоу-бизнеске қайта оралуды жөн деп шешіпті. Ал, «Кешьюден» кетуіне оның тік мінезділігі себеп болған екен. 

 Сара Амангелді, әнші:

-Менің жұмысқа деген еріншектігім жоқ адаммын. Бірақ, егер де бір адамның сөйлегені қатты тиіп қалса, мені ұрып тастағаны жақсы да. Қатты сөз айтқанда, кейбір кезде жүрегіме қатты алып қаламын. Қанша қыздар келіп, кетіп жүрді. Әр адамның мінезі әр-түрлі. Сосын, гелзбендте жұмыс істегім келген жоқ! 

Төрт түрлі мінездің бір топта тоғысуы, Сараның өміріндегі қиын кезеңдердің бірі болса керек. «Кешьюдегі» өзара тіл табыса алмау, әншіні әбден қажытады.  Төзімі таусылған бірбеткей қыз, гелзбендтегі қызметін аяқтау жайлы ойын продюсерге өзі жеткізген  

 Сара Амангелді, әнші:

-Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызына келіп айттым. Менің жұмыс жасағым келмейді. Прямо, тура айттым... Топта өзімді жайсыз сезіндім. Менің контрактім біткен жоқ негізі. Аз ғана қалған. Бірақ, ол кісілер менің мінезіме қарап, айтты мына қыз қоймайды екен деп. Сосын жіберді...

«Кешьюдің» экс-мүшесі бүгінде жеке орындаушылыққа бет бұрған. Қазір Нұржан Керменбаевпен дуэт болып шырқайтын ортақ туындыға, бейнебаян таспалап жатыр. «Доғар» деп аталатын ән, Қара баланың репертуарынан екен...

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Сараның сүйікті әндерінің бірі екен. Жеке көлігінде де жиі тыңдайды екен. Анасына барып тыңдатқан екен. Осы ән қатты ұнайды. Сараның айтуы бойынша, өзі ұсынған екен дуэтке. Нұржанмен сөйлессеңіз қалай болады депті енді.

Ал, баянсыз махаббатты суреттейтін клип, жақын күндері жарыққа шығады.