Гарри Поттер «Тони эвордс» марапатынан үмітті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киносүйер қауымның ыстық ықыласына ие болған Гарри Поттер, енді театр сахнасы арқылы ел жүрегін жаулауда. Фэнтези кейіпкердің ересек шағын баяндайтын қойылым, әйгілі «Тони эвордс» марапатының 10 бірдей жүлдесіне үмітті.

Джейми Паркер, «Гарри Поттер» қойылымының актері:

-Арнайы марапатқа лайықты деп табылғаныма қуаныштымын. Мұның барлығы, театрдағы ұжымыммның арқасы. Өз рөлім арқылы Гарри Поттер әлемінің бір бөлшегіне айналғандаймын.

Дәрежесі «Оскар», «Грэмми» марапаттарымен тең келетін «Тони» сыйлығы, 1947 жылдан бастап табысталып келеді. Театр саласының кіл мықтыларына бұйыратын жүлде, 27 аталым бойынша үздіктерді таңдамақ. Бұл жылы, үміткерлер арасында Дензел Вашингтон мен Тина Фей есімдері де бар. Ал, жеңімпаздардың толық тізімі 10-шы маусымда белгілі болады!