Ариана Гранде рэпер Дрейктің табысын қайталамақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі Билборд чарты әдеттегі дәстүрден таймастан өз үздіктерін анықтады. Сонымен, Дрейк немесе Ариана Гранде?  Назарларыңызда музыка саласының ең соңғы жаңалықтары.

 Аянбай тер төгіп, әсем әндерімен жанкүйерлерінің жүрегін жаулай білгендер  тізімінде көшбасшы - сөзсіз Дрейк. Екі апта өтсе де, рэпердің «Nice For What» және «God's Plan»  атты тректерін халық тыңдаудан жалығар емес.

Көңілі қапалы Ариана Гранде де әріптесінің табысын қайталауды көздейді. Әншінің «No Tears Left To Cry»  яғни, «Жылауға жасым қалмады» атты туындысы көптің ойынан шығуда. Ал, аталмыш бейнебаян әлеуметтік желіде осы күнге дейін 94 миллион рет қаралған.

Америкалық хип-хоп орындаушы әрі музыкалық продюсер J. Cole -тың туындыларды ұсынуға әрдайым әзір. Рэпердің қос бірдей Kevin's Heart және АТМ трегі де үздіктер қатарында. Кезінде, бұл өнерпаздың шығармашлық жолға түсуіне Эминем мен Тупак Шакурдың әндері ықпал еткен көрінеді. 

Zedd, Maren Morris пен Grey  ұсынған туынды да билборд чартының тізімінен табылды. The Middle  трегінің жарық көргеніне 5 апта болса да, халық оны қайта-қайта естуге құштар.