«Қара нәсілді жетекші» фильмі несімен таңқалдырмақ?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі кинобәйгеде одан өзге де қызықтар орын алуда. Мәселен, «Қара нәсілді жетекші» криминалды драмасын қолдауға Белла Хадид, Николь Шерзингер, Наоми Кемпбелдің өзі келген еді. Ал, аталмыш лентаның актерлері болса, қызыл кілемді кіші-гірім би алаңына айналдырды.

Араға 30 жыл салып, кезекті картинасымен Канн фестиваліне қайта келген Спайк Ли, атаулы шараға ұзақ дайындалғандай. Кезінде, «Дұрыс жолды таба біл» туындысымен екінші орынды місе тұтқан режиссер, бұл жолы бас жүлдеден дәмелі.

Спайк Ли ұсынған «Қара нәсілді жетекші» фильмінде полиция қызметкерінің шынайы оқиғасы баяндалады. Режиссер аталмыш лента арқылы, нәсілшілдік пен жемқорлыққа қарсылығын білдірмек. Сондықтан да киногер, наразылық ретінде қызыл кілем салтанатына ақ-қара түсті аяқ киім киіп келген.

Ал, «Алтын пальма бұтағына» үмітті лентаны тамашалауға асыққандардың қарасы мол. Олардың арасында Кейт Бланшет, Белла Хадид, Николь Шерзингер, Наоми Кемпбел де бар.

Француздық ривьераға арқаланып келгендердің тағы бірі Джон Траволта. Ол «Готти» биографиялық драмасының тұсауын кеспек. Сондай-ақ актер, Канн фестивалі аясында Variety журналының «Кино символы» марапатын еншілемек.

Джон Траволта, актер, биші, әнші:

-Анам кезінде оқиғаны асықтырма деуші еді. Қазір барлығы басымнан жылдам өтіп жатқандай. Киномансабымдағы қырық жыл да өте шықты.

Актерге басты рөлді бұйыртқан «Готти» картинасы, қылмыстық әлемінің серкесі болған Джон Готтидің өмірінен сыр шертеді. Ал, драманың тұсуы осы сенбі, Канн жағалауында кесілмек.