«Жұлдызды айқас» картинасы Канн фестивалінде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канн фестивалінде «күнде жиын, күнде той!» Дәл осындай ұранмен «Жұлдызды айқас» картинасының тұсауы кесілді. Көптен күткен премьераға Рон Ховард, Эмилия Кларкпен бірге жетсе, алып Чубакка өз жанына робот-әскерлерді де ерте келген.

Бұл жолы Чубакканың жұлдызды сәті туғандай. Өзге өнер иелері сынды, қызыл кілеммен жүріп өткен ол, паппарацци алдында әбден бой түзеді. Ал, шараға, сүйікті актерлерін көру үшін жанкүйерлер көптеп жиналған.

Рон Ховард, режиссер:

-Премьераға бола осынша адамның келгені қуантады. Маған дейін бұл, жобада өзге де киногерлер тер төкті. Сондықтан, сол тұлғалардың да еңбегін ұмытпауды сұраймын.

Алайда, бұл кеште «Жұлдызды шайқас» киногерлері, аздап көлеңкеде қалып қойған сыңайлы. Себебі, ерекше шоуға ұқсайтын тұсаукесерге табан тіреген танымалдардың қарасы мол. 50 cent, Джон Траволта, Бенисио дель Торо, тіпті жұлдызды сәнқойлар арасында Майкл Джексонның образы да бар.

Поп-падишасының премьераға келуі бекер емес. Кезінде «Жұлдызды шайқас» - Майкл Джексонның ең сүйікті картинасы болған көрінеді.

Ал, «Хан Солоның» ізін ала режиссер Дэвид Робертке өз туындысын таныстыру оңайға соқпады. Оның «Күміс көлдің үстінен» атты картинасына халық көптеп жиналмаса да, лентаға артқан үміті зор. Негізгі конкурс тізімінен табылған ол, «Алтын пальма бұтағын» алудан да дәмелі.