Мэрайя Кэри арықтау үшін ота жасатты ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мэрайя Кэри осыдан бір жыл бұрын 100 келіден аса салмақпен жүрген еді. Бүгінде, ол өзінің мінсіз мүсінін қалыпқа келтіріп, адам танымастай арықтаған. Өнер иесі пышақ астына түсуден де қорықпағаны рас па?

Мэрайя Кэри әркез мінсіз болуды көздейді. 48 жасар әнші арықтау үшін, асқазанын кішірейткен көрінеді. Осы отаның арқасында артық салмағынан арылған сылқым, енді жеткен жетістігіне дән риза. Тіпті, денсаулығына зиян келтіріп алудан қорықпаған Мэрайя, сұлулық үшін бәріне баруға әзір екенін айтады.

***

Ал, Райан Рейнольдс табынушыларын тағы да таң қалдырды. Әзілқой актер Оңтүстік Корея еліндегі сапары барысында, музыкалық «King of Mask Singer» конкурсына қатысып, тыңдармандарға тосын сый тарту еткен. Ол бет-жүзін жасырып, «Энни» мюзиклінен үзінді шырқап берді. Жұлдыздан мұндайды күтпеген жанкүйерлерінің қуанышында шек жоқ.

***

Backstreet Boys тобы 5 жылдық үзілістен кейін қайта оралды. Бойз-бэнд өзінің тыңдармандарына, «Don't Go Breaking My Heart» атты әніне бейнебаян ұсынды. Осыдан 1 ай бұрын, сахнадағы 25 жылдықтарын атап өткен музыканттар, енді әлемдік турнеге аттанбақ.