Уитни Хьюстон туралы бүкпесіз шындық!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канн кинобәйгесі - шындықтың бүкпесіз ашылуына себепкер! Фестивальде Уитни Хьюстон туралы деректі драманы тамашалаған меймандардың басым бөлігі есеңгіреп қалды. Себебі, жан-шошытарлық жайттарды естиміз деп еш ойламаған-ды.

Режиссер Кевин Макдональдстың драмасы - 48-жасында дүниеден өзған Уитни Хьюстон өмірінен сыр шертеді. Лентаға әншінің ет жақындарының эксклюзивті сұхбаттары негіз болған. Сондай ашық әңгімелердің бірінде, кезінде Уитниге туысқан әпкесінің сексуалды зорлық-зомбылық көрсеткені айтылды. Көрермен, бұл туынды арқылы мұндай ащы шындықты естиміз деп ойламаған-ды.

Канн кинобәйгесінде Уитниден өзге, тағы бір күміс көмей орындаушының есімі аталды. Әнші, әрі актриса Ванесса Паради алтын пальмаға үмітті «Пышақ пен жүрек» атты лентасын тыстыруға келді. Қызыл кілемде кербездене басқан өнерпаз, ел назары өзінен басқа ешкімге аумайды деп сенген еді. Алайда, ерлер киімін еске алатын ерек образымен бой көрсеткен Кристен Стюарт, жұрттың көзайымына айналды.

Ал, Француздық Ривьераға кейбір қатысушылар әділеттілік іздеп келуде! «Ескек жел» деректі драмасының кейіпкері - шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыскер деп танылған. Киногерлер аталмыш лента арқылы судандық босқындар мәселесін көтермек.

Кедрик Герроу, документалды драма кейіпкері:

-Бүгін қызыл кілеммен жұлдыздар емес, босқындар жүріп өтпек. Канн қаласына келуіміздің өзін жеңіс деп білемін.

Ал, деректі драма режиссеры фестиваль арқасында өзекті тақырыпқа әлем назарын аударта алатынына сенімді.