«Блэк дайл» мен «Ньютон» тобының арасындағы теке-тірес!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сахна сыртындағы жанжал! Бұл жолы «Блэк Дайл» мен «Ньютон» арасындағы айқасты айтамыз. Қазақтың поп музыкасын насихаттаушы ұжымдар, бір-біріне жұдырық жұмсауға дейін барған. Топтардың арасындағы теке-тіреске не түркі болды?! Серікқазы Аязбаев анықтап көрді!

Әдетте, кью-поп субмәдениетінің өкілдері бір-бірін қолдауда, қол қусырып қалмайтын еді. Алайда, «Блэк дайл» мен «Ньютон» тобының мүшелері өзара алауыздыққа жол берді.

Есболат Беделхан, «Black Dial» тобының продюсері:

-Мен нағыз себепкер адамды айтқым келмейді. Ал, кейбірі байқап, көздері өткір адамдар біліп отырған шығар. Олар түсінеді негізі кіммен реніш болғанын.

Есболат кінәлі адамның атын атауға құлықсыздық танытқанымен, екі ұжымның арасындағы жанжалға себепкер жанды «Ньютондық» жігіттер жайып салды.

«Newton» тобы:

-Оған «Ньютон» тобының қатысы жоқ. Ол оқиғаға біздің бұрынғы продюсеріміз қатысты. Сол оқиға біздің продюсермен болған.

Иә, «Ньютонның» бұрынғы басшысы – дәл осы Парасат есімді жігіт. Куәгерлердің сөзіне сенсек, ол сахна сыртында өзіне сәлем бермеген «Блэк дайлдық» Тачиге жұдырық жұмсаған. Бүгінде Есболаттың тобында ән салатын өнерпазды, кезінде өзі шығармашылыққа баулып, тіпті продюсері ретінде қолдау да көрсеткен екен. Тек өзара әріптестік ұзақа созылмаған!

«Ньютон» тобы енді экс-продюсерімен қарым-қатынасты үзіп, «Блэк дайл» серілерімен арадағы сыйластықты сақтайтындарын айтып, серт берді.