Сиви Махмудидің мерейтойлық шоуы неге өтпей қалды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Айтылған сөздің, атылған оқпен пара-пар екенін» отандық шоу-бизнес өкілдері естен шығара бастағандай. Олар сұхбат кезінде серт береді, бірақ іс жүзінде орындамайды. Осыдан жарты жыл бұрын уәдені үйіп-төккен Сиви, тағы да сөзінде тұрмады. Неге? 

Сиви бикеш әңгіме айтса, бар сырын ақтаратыны бар! Өткен жылы сұхбаттасқанымызда, ауқымды шоуға әзірленіп жатқанын жар сала жеткізген-ді. Сахнадағы мерейтойын, дүркіретіп атап өтуді көздеген әншінің концерті, 2018-дің сәуірінде өтуі тиіс еді.

Сиви Махмуди, әнші,актриса:

-Құдай қаласа, 15-ші сәуірде үлкен концерт Еуропалық деңгейде. Қазірден жоспар! Күнде дайындық болып жатыр. Керемет шоу-концерт болады.

Бірақ, әнші шығармашылықты да, өзі жарнамалаған шоу-концертті де естен бір жолата шығарған сыңайлы. Өйткені, өнер иесінің белгілеген күн жеткенде, еуропалық деңгейдегі кеші өтпеді.

Сивдің берген серті мұнымен шектелмейді. Сылқым сондай-ақ отандық киноқоржынға, тағы бір толықметрлі картина қосатынын айтқан-ды! Бірақ, тағы да жоспар жүзеге асқан жоқ! Сиви Махмуди, әнші,актриса:

- Қаңтар айының аяғында, бәрі дайын! Бүкіл сценарий, коллектив, команда, актерлар. Басты рөлде үш жігіт ойнайды, комедия жанрында.

2018-дің қаңтарында таспалануы тиіс киножобадан әзірге еш хабар жоқ! Себебін білмекке, сұрау салғанымызда Сиви мардымды жауап айтпады.

Сиви Махмуди, әнші,актриса:

- Қазір қол тимей жатыр. Бірақ жоспарда бар. Сөйлесіп жатырмыз. Болашақтың еншісінде. Бұрынғыдай емес. Бұрын адастық, көрдік дегендей. Енді, қазір комедия жанры жақсы өтіп жатыр ғой. Сол комедия жанрында, бір кино түсірмек ойымыз бар...

Бұл Махмудидің кезекті құрғақ уәдесі ме, әлде бикеш жаңа жобаға шынымен білек сыбана кіріспек пе? Келешек көрсетеді!