«Апатты тасқын құшағында» картинасы жарыққа шығады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелесте шынайы оқиға желісімен таспаланған, «Апатты тасқын құшағында» картинасының тұсауы кесілді. Көрермен асыға күткен драма сюжетіне, 1983 жылы Тынық Мұхиттағы оқиға негіз болған.

Фильм желісі бойынша, Тами мен Ричард яхтамен саяхатқа аттанады. Алайда, алапат дауыл қос ғашықты тағдыр тәлкегіне түсіреді. Тынық Мұхитының дәл ортасында қайық сынып, өліммен бетпе-бет келген олар, тірі қалу үшін күресуге мәжбүр болады.

Шейлин Вудли, актриса:

-Түсірілім барысында сағаттап суда отырған сәтіміз де болды. Алайда, мұхиттың керемет көрінісі, барлық қиындықты ұмыттырды.

Отандық көрермен аталмыш драманы 28-ші маусымнан бастап тамашалай алмақ!