Ғалымжан Молданазар әлемдік турнесін жалғастырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғалымжан Молданазар өзінің, әлем танитын жұлдызға айналсам дейтін арманына адалдығын растап жүр. Күні кеше АҚШ қалаларын әнсапармен аралап келген өнерпаз, жаһандық турнесін жалғастырмақ. Музыканттың сөзінше, бұл шетелдік компанияның ұсынысы екен.

АҚШ-тың алып қалаларын аралап, ұжымымен жеке кешін өткізген Ғалымжан Молданазар атқарылған іске дән риза.

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

АҚШ-тағы турымыз керемет ойдағыдай болды. Өте үлкен тәжірибе болды. 07.04 Нью-Йорк, Чикаго, Хьюстон, Лос-Анджелес, осы төрт қалада концерт бердік.Техникалық жағынан үлкен сабақ алдық. Бәрі жақсы, ойдағыдай болды.

Әнсапардың жоспардағыдай жүзеге асқанын, бейнежазбалардан байқауға болады. Лық толы зал, Молданазардың шетелдегі тыңдарманының көптігін білдіретіндей. Сондай-ақ, музыкантқа америкалық компаниялардың да көзі түскен көрінеді.

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

Американдық Бриджит Интертеймент деген компанияның тарапынан ұсыныс келіп түсті. Құдай қаласа, осы компаниямен бірге, осы компанияның ұсынысы бойынша әрі қарай Ресейде, Украинада және басқа да елдерде, біздің концерттерді істегілері келеді.

Ал, әлемнің әр түкпірін әнсапармен аралай түсуге, тың туындылар керек-ақ. Мұны жақсы түсінген Ғалымжан, жарғақ құлағы жастыққа тиместен, қызу жұмысқа кірісіп кеткен.

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

Қәзір екінші әнжинаққа жұмыс бастап кеттік. Енді, нақты уақытын әзір кесіп айта алмаймын. Жұмыс өте көп, жұмыс жасау керек, бітіру керек.

Ал, содан кейін, Ғалымжан Молданазар жолжүгін қайта жинап, сапарға шықпақ!