Бар ақшасын киімге жұмсайтын қай әнші?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, кейбір жігіттер өзгелерді мінсіз мүсінімен емес, талғаммен таңдалған киімі арқылы таңқалдыруға ниетті. Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында, бір ғана образына мың доллардан аса қаражат жұмсайтындары да бар. Олар кімдер? Жауабын тілшіміз анықтап көрді.

Жеңісхан Момышев «ең сәнді» серілер қатарын толықтырып жүргеніне сенімді. Талғаммен киіну үшін, арнайы мамандардың көмегіне де зәру емеспін дейді ол. Себебі, режиссердің өзі, кезінде «стилист» болып қызмет атқарған.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

-Өзім киіну білемін. Ал, тренд қуып бір киім қумаймын. Өзіме не жарасады, соны сатып аламын әрдайым. Бірақ, мынандай тренд деп соны ғана киіп жүрмеймін.

Есесіне, тренд қуғандар арасынан әнші Очоу табылды. «Ең бірінші аяқ киімге көңіл бөлемін» - деген сері, адам көркі шүберек екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, әдемі образ үшін мың долларлап қалтасын жұқартуға құлықты.

Ochooou, әнші:

-Шамамен 250-350 мыңдай ақша кетеді. Сахнада жүргендіктен, елдің алдында жүргендіктен, барынша аямауға тырысасың. Кейді бір өзіңе ұнайтын зат болып қалады, кейде арзандау зат болып қалады. Саған көңіліңе ұнайтын, соны аласың.

Ал, Нұрболат Абдуллин талғамының жоғары екеніне шүбә келтірмесе де, стилистердің кеңесіне құлақ асады екен.

Нұрболат Абдуллин, әнші:

-Камила Курбани деген ханыммен жұмыс жасағанбыз. Ұнады жақсы. Сол кісімен ары қарай басқа да стильдегі киімдерді көріп жатырмыз.

Сән сарапшысының қолы тимей жатқан жағдайда, Нұрболатқа «Мистерионстық» Дильенге жүгінгені жөн болар. Себебі ол, кезінде өнердегі әріптестеріне стильді киінуге көмектесуге әзір екенін айтқан болатын.