Джастин Бибер актерлыққа қайта бетбұрыс жасамақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғашықтық шырмауына байланып, құтыла алмай жүретін Биберге, енді махаббат құдайы - Купидонның рөлі бұйырыпты. Әрине, сиқырлы сезім жайлы Джастиннен артық кім біледі дейсіз?

Талай жанның жүрегін жаулаған серінің, ғашықтық хикаяда тәжірибесі жетерлік. Купидон сынды, Джастин де махаббатты бірінші орынға қояды. Демек, Биберге бұл рөл бекер бұйырмаған. Бірақ, әзірге үлкен кинода емес, анимациялық туындыда. Әнші тек Купидонды дыбыстап қана қоймай, мультфильмге арнап бірнеше трек те даярлапты.

Ал, Блейк Лайвли мен Анна Кендрик сынды актрисалар «Өтініш» фильмінің трейлерін таныстырды. Детективті туындыда арулар, қос құрбының рөлін сомдайды. Картинада, із-түссіз жоғалып кететін әріптесін іздеу барысында, шытырман оқиғаға тап болатын қыздың өмірі суреттелген. Лента, 20-шы қыркүйектен бастап үлкен экрандарда көрсетілмек.

Мадонна 60-қа таяған шағында, қайта тұрмысқа шықпақ. Әнші 32 жастағы португалиялық модель - Кевин Сампайомен, 6 айдан бері қарым-қатынаста екен. Қос ғашық, 2015 жылы «Bitch I'm Madonna» бейнебаянының түсірілімінде танысқан. Бірнеше жылдан кейін, бір-біріне деген сезімдері оянған жұп, қазіргі таңда бір шаңырақ астында тұрады екен. Жақында үйлену де жоспарларында бар көрінеді.