«Торға түскен қыз» картинасы ыстырылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Скарлет Йохансон мен Натали Портманды шаң қаптырдым! Клер Фой өзі қатысқан «Торға түскен қыз» картинасын ел назарына ұсынған еді. Басты рөлді сомдаған актриса, шеберлігімен кино сыншыларды таңқалдыра алды ма?

Британдық патшайым туралы «Тәж» тарихи картинасының жұлдызы, енді қайсар мінезді хакерге айналған! Танымал телехикая кейіпкері Клэр Флой, Барселонада «Торға түскен қыз» картинасының таныстырылымын өткізді. Айтулы шараға, арудан өзге триллердің басқа да актерлері ақатысқан еді.

«Айдаһардың ені бар ару» фильмнің заңды жалғасы болып саналатын аталмыш лентада, енді Лисбет Саландер профессор Балдер ойлап тапқан «жасанды ақыл» жобасын қалай да сақтап қалуы тиіс. Табысталған аманатқа қиянат келтірмес үшін, хакер қыз қылмыскерлер мен тыңшыларға ашық күрес жарияламақ.

Сверрир Гуднасон, актер:

– Дарынды режиссер. Лизбет Саландердің образын бұл жолы да, ойдағыдай көрсете алды деп ойлаймын.

«Торға түскен қыз» картинасындағы Клэр Флойдың орнына, негізгі рөлге Натали Портман, Алисия Викандер, Скарлетт Йохансонн сынды голивуд жұлдыздары қарастырылған болатын. Тіпті, Йохансон ең алғашқы бөлімінен бастап, сиквелге түсуді армандаған көрінеді.

Клэр Фой, актриса:

-Акртиса ретінде барымды салуға тырыстым. Әрине картинада өзгеріс болады. Бұл заңды құбылыс. Алайда, автор мен негізгі кейіпкерді құрметтей отырып, аздап толықтырулар енгізуге тура келді.

Айтпақшы, кинолента марқұм Стиг Ларсонның «Миллениум» триллогиясының желісімен таспаланған. Автор, дәл осы «Торға түскен қыз» кітабын кезінде жариялап үлгермеген деседі. Тек кейін ғана, қолжазба қаламгердің ноутбугынан табылып, толық туындыға айналған.

Ал, аталмыш картина көрерменге осы жылдың күз мезгілінде жол тартады деп күтілуде!