Канье Уэст «Билборд» чартының көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канье Уэст - ең үздік! Әйгілі «Билборд» чарты музыка саласының мықтыларын анықтады. Сонымен, заманауи хиттер көшінен қалмас үшін, қай орындаушыны тыңдаған дұрыс? Тілшіміз біліп көрді.

Канье Уэст осыдан он күн бұрын өзінің "YE" әнжинағымен жанкүйерін қуантқан еді. Жеті тректен тұратын альбом, аз күннің ішінде сатылымы мен тыңдалымы жағынан Билборд чартының көшін бастады. Ең қызығы, Канье ол туындыларының көбін, өзге өнерпаздармен бірге орындап шыққан еді.

Post Malone да оңай шағылар жаңғақ емес! Оның beerbongs & bentleys жинағы үздік атануға үмітті. 18 туындыдан тұратын аталмыш альбомның ішіне, музыканттың «Рокстар» хиті, сондай-ақ Ники Минаж сынды кейбір танымал әншілермен құрған дуэті кіреді.

Ал, музыка мықтыларының аламанында Люк Комбостың алдыңғы қатарда болуы, таңқаларлық жағдай. Себебі, кантри әнші осыдан бірнеше апта бұрын 39-шы орынға жайғасқан болатын. Соған қарағанда, «This One's For You» альбомы енді ғана, тыңдарманның жүрегіне жол тауып жатқан сыңайлы.

Мықтылар тізімінде тек Карди Би қаққан қазықтай, Invasion Of Privacy жинағымен бәз бұрынғы қалпында. Еске салсақ, үздік бестікке енген арудың аталмыш альбомы, оның дебьюттық туындысы болып саналады. Әншінің алғашқы беталысы жаман емес!