Мұқасан Шахзадаевтың, қазақ бала-бақшасына көңілі неге толмады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ана тілімізге аударылған «Суперотбасы 2» туындысының пайдасы зор. Ал, ұл-қызыңыз мемлекеттік тілді меңгерген бе? Бұл сауал жұлдыздарға жолданды! Ал, тосыннан қойылған сұрақ танымалдарды тығырыққа тіреді. Сонымен, қай әншінің балалары қазақшаға шорқақ?!

Димаш, Дастан және Дияр! Мұқасан Шахзадаевтың үш ұлы да орысшаға судай, бірақ олардың ана тілі ақсап тұр екен. Мұндай олқылықтың өзіндік себебі де бар. Алғашқыда, тұңғышын қазақ бала-бақшасына берген әнші әке, кейін тәрбиешілердің тәліміне көңілі толмағанын айтады.

Мұқасан Шахзадаев, әнші:

-Баламыз сол бақшадан алты ай жүріп, бір ауыз қазақша үйренген жоқ. Бір тақпақ үйренген жоқ. Сосын, бір күні қараймыз баламыз не қазақша, не орысша сөйлемейді. Дүбәра болып келе жатыр. Амал жоқ орыс бала-бақшаға беріп едік, баламыз бір аптаға жетпей үлкен тақпақтарды жаттап, сайрап шықты.

Кенжебек Жанәбіловтің ұл-қыздары керісінше орысшаға шорқақ! Бірақ, «Музарттық» әнші балаларының бірнеше тілде еркін сөйлегенін қалайды.

Кенжебек Жанәбілов, «Музартл» тобының әншісі:

-Біздікілер орыс тілін енді үйреніп жатыр. Өзіміз таза қазақ болғаннан кейін, қазақша ғой енді. Кейде орысшаларын айтып күлдіріп жатады... Бәрібір «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, әрине өзге тілді де білу керек деп ойлаймын.

Динара Сұлтан бірнеше жыл бұрын жанұясымен Дубайда тұрған! Бикештің бүлдіршіндері сол уақыт ішінде ағылшын тілін де игеріп алған. «Алайда, туған жерден жырақта өскен, қазақша да еркін сайрап тұр» - дейді 5 баланың анасы.

Динара Сұлтан, әнші:

-Өйткені далада да, оянған кезде де, мектепте орыс тілі болмады. Сондықтан, біз соны пайдаланып, үйде тек қана қазақша сөйлейтін болдық. Қазір балаларым тек қана қазақша сөйлеседі. Ағылшын мектебінде оқыды. Қазақстанға оралғанда мен қазақша мектепке бердім.

Иә, ағылшынша мен орысша ойдағыдай болғаны жақсы-ақ! Бірақ, өз тіліміз өгейдің күйін кешпесе екен дейміз...