«Star of Asia» фестивалінің, ақырғы пысықтау жұмыстары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кумирлерін тағатсыздана тосқан фанаттардың, арманы орындалар күн де жетті. Иә, жаһандық және отандық жұлдыздардың басын қосқан «Star of Asia» фестивалі, ертең Алматыда өтпек. Кешке соңғы дайындықтарын пысықтап жатқан әншілердің әзірлігін, Серікқазы Аязбаев көріп қайтқан болатын.

Ашық аспан астындағы ауқымды жобаның дәл қазір соңғы жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Осы жылы «Star of Asia» фестивалінің көрермендері бұрын-соңды болмаған сахна мен түрлі шоуларға куә болады» - дейді қоюшы-режиссер Назгүл Қарабалина.

Назгүл Қарабалина, режиссер:

-Әр жыл сайын сахна әр түрлі болады. Жыл өткен сайын біз оған, неше түрлі жаңалықтар қосып отырамыз. Себебі, біз өзіміздің көрермендерімізді таң қалдырғымыз келеді. Жақсы шоу көрсеткіміз келеді.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, осы жылы музыка мерекесіне қызығушылық танытқан жұлдыздардың саны, былтырғымен салыстырғанда екі есеге өсіпті. Сахна сыртында 300-ге жуық адам тікесінен тік тұрып қызмет етпек. Екі күндік концерттік бағдарламаға, 60-тан астам әннің тізімі тіркелген. Басты талап – жанды дауыста өнер көрсету.

Назгүл Қарабалина, режиссер:

-Әртістермен сөйлескен кезде, ең алғашқы айтылған сөз жанды дауыс туралы әңгіме болды. Бірақ, бізді бір қуантқан жағдай, біз сөйлескен барлық әншілер жанды дауысқа, екі ауыз сөзге келмей бірден дайын болды. Біз дайынбыз айтамыз деді.

Иә, бұл кеште ән шырқайтын танымалдар қатарында Төреғали Төреәлі де бар. Жарты жылға жуық көпшілік көзінен тасада жүрген атышулы әнші үшін «Азия жұлдыздары» жобасының орыны ерек.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Бұрын енді «Азия дауысы» деген конкурс болатын. Жарыс болатын. Ол жерде кәдімгідей бақталас болатын. Бұл жерде өнер жұлдыздарының, фествиалі болғаннан кейін бір-бірімен көрісіп, мен өзім қанша болды көріспегелі. Аға-әпкелерімді, әріптестерімді. Сол үшін бәріне сәттілік тілеймін.

Бұл фестивальде «Ринго» тобы бой көрсетпейді. Есесіне аталмыш төрттіктің әншісі Әділжан Умаров, жеке орындаушы ретінде тыңдармандармен қауышады.

Әділжан Умаров, «Rin’Go» тобының әншісі:

-Жеке Әділжан Умаров болып шықсам, қазір мен үшін әр түрлі сахналарда, әр түрлі концерттер де ән айту керек. Негізі өзімнің жеке атымды таныту үшін...

Алматыдағы «Стар оф Эйжа» фествивалі осы аптаның сенбі, жексенбісінде, яғни маусым айының 16-сы мен 17-сі күндері Медеу мұз айдынында өтеді. Бұл кеште әйгілі Араш, ресейлік «Серебро» тобы, оңтүстік кореялық «Астро» бойзбенді өнер көрсетеді. Ал, Американың поп-жұлдызы Анастейша аталмыш шоудың хэдлайнері болмақ.