Ресейдегі әлем чемпионатында әйгілі құрамалар неге сүрініп жатыр?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлем чемпионатында Роналду тұңғыш хет-тригін жасаса, Месси пенальтиден мүл кетті. Әйгілі немістер аяқ асты мексикалықтарға есе жіберсе, Неймардың жерлестері жеңіске бастар жолды таба алмай жүр. Футболдан жаһандық мундиальдың ең қызықты жаңалықтарын, Серік Ноянбайұлы баяндап береді.

Роналдудың Испания қақпасына соққан тамаша үш голының арқасында, Португалия құрамасына тең есепке қол жеткізді. Криштианудың хет-тригіне Диего Коста дубльмен, Начо алыстан тепкен әдемі соққысымен жауап берген еді.

Франция құрамасы Автралияны әупіремдеп жүріп 2:1 нәтижесімен ұтты. Керісінше, Месси 11 метрлік айып добынан мүлт кетіп, сол күні Аргентина командасы, әлем біріншілігіне тұңғыш рет шыққан Исланидямен 1:1 есебімен тең тарқасты.

Аса адуынды көрінбейтін Сербия құрамасы болса, 4-жыл бұрынғы мундиальда жасындай жарқылдаған Коста-Рикадан айласын асырды. Сенсациялар мұнымен біткен жоқ. 2014 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы Германия күтпеген жерден Мексикаға есе жіберді. Жеңіс голының авторы - Лоссано. Ізін ала азулы Бразилия аяқдопшылары, Швейцарияға 1 ұпай ұстатуға мәжбүр болды.