Рэпер XXXTentacion ажал құшты!

Сообщить о проблеме с эфиром

АҚШ-та XXXTentacion лақап атымен етене таныс рэперді, бәз-біреулер атып кеткен! Қайғылы оқиға Майамиде орын алған.

Хип-хоп орындаушы мотосалоннан шығып, көлігіне беттеген сәтте қылмыскерлер қолынан оққа ұшқан көрінеді. 20-жастағы XXXTentacion-ның қазасына Каньэ Уэст бастаған көптеген әлем жұлдыздары көңіл айтуда. Еске салсақ, дарынды рэпер небәрі 17-ге толған шағында алғашқы әнжинағын жазып, бірден Билборд чартының екінші орнын еншілеген еді.