«Mysterions» тобына 10 жыл!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан тура 10 жыл бұрын отандық шоу-бизнесті су жаңа топ толықтырған болатын. Арман, Дильен, Ілияс атты бозбалалардың достығынан құрылған бойзбенд - «Mysterions» деп аталды. Бүгінде мерейтойдың қамына кіріскен трио, тыңдармандарына ерекше шоу ұсынуды ұйғарыпты.

Арман, Ілияс және Дильеннің достығы бала кезде футбол алаңында бастау алған. Спортты серік еткен бозбалалар, күндердің күнінде топ құруды қолға алады.

Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:

-Біз бастаған кезде біздің тыңдармандар мектепте оқып жүргендер және студенттер еді. Енді, 10 жылда олардың жастары менімен бірдей шығар. 30-ға келіп қалды.

Осы уақыт ішінде «Мистерионстың» репертуры 10-ға жуық бейнебаян мен 20-дан астам тректермен толыққан. Алғашқы жылдары хит шерулерде көш бастаған бойзбендтің бүгінде танымал әндері жоқтың қасы.

Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:

-Бір нәрсе айтып кетейін. Бірінші мен үйлендім, сосын Ілияс, сосын Дильен үйленді. Сосын бізде қыз туылды, Ілията ұл туылды...Сол секілді нәрселер кішкене өнерге үзіліс берді. Былайша айтқанда «стоп» берді.

Отағасы атанған жігіттерге отбасы да демеу беруге құштар. Мәселен, Аша Матай «Mysterions» тобының концертіне өзіндік үлесін қосқысы келеді. Алайда, Арман топ жұмысына жұбайын араластырмайды екен.

Аша Матай, актриса, әнші:

-Негізі идея лақтырудан тайынбаймын. Және де Арманның өзіне айтып жатамын, жігіттермен бірге жиналайық, бірге қосылып концерт істейік. Бірақ, Арманның айтуынша, ол біздің жұмысымыз ғой деп мені көбінесе аралмастырмайды. Біз өзіміз шешеміз дегендей...

Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:

- Балалармен шамалап былай ойландық та, қандай концерт жасаймыз деп. Республика сарайы жақсы ғой. Ақша табу, жанды дауыс. Бірақ, біздің ойымыз бір алаңда, тегін. Яғни, біз керісінше халыққа сыйлықтар беріп деген сияқты... 10 жылдықты солай тойлағымыз келеді.

«Мистерионстықтар» мерейтойды осы жылдың күз мезгілінде атап өтуде жоспарлап отыр.