«Құмырсқа адам мен Ара» картинасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелес қаласында Марвелдің кішкентай қаһармандарына арналған, «Құмырсқа адам мен Ара» картинасының тұсауы кесілді. Қызыл кілемге жиналған басты кейіпкерлер, тың туынды жайлы пікірлерімен бөлісті. Бұл шытырман оқиғалы лентаны, отандық көрермендер қашан тамашалай алмақ?

Марвел компаниясының кезекті өнімі - «Құмырсқа адам» картинасының сиквелі. Аталмыш туынды, жаңа қаһарманның қосылумен ерекшеленген. Араның кейіпіндегі батыр қызды сомдау - актриса Эванджелин Лиллиға бұйырған. Лос-Анджелесте тұсауы кесілген лентаны, алғашқы болып көру үшін жиналған көрермендердің қарасы мол. Ал, басты кейіпкер актер Пол Радд, тіпті қызыл кілемге құмырсқаның образында келуді қалаған екен.

Пол Радд, актер:

-Мен кейіпкерімнің рөлін, арнайы костюмді киген кезде ғана сезінемін. Ол маған сенімділік күш береді. Фильм жаңа хикаялар мен жаңа кейіпкерлерге толы болмақ.

Пейтон Рид, режиссёр:

-Біз алғаш рет, әйел қаһарманды фильм атауына қосып отырмыз. Мұндай мүмкіндіктің маған бұйырғанына қуаныштымын.

«Құмырсқа адам мен Ара» картинасы, түрлі шытырман оқиғаларға тап болатын Скотт Лэнгтың хикаясымен өрбімек. Басты қаһарман, төнген қауіп-қатерден қорғану үшін, Араның көмегіне жүгінеді. Батыл жәндіктердің бұзақыларға қарсы шайқасы жайлы лентаны, қазақстандық көрермен 5-ші шілдеден бастап тамашалай алады.