«Оушеннің 8 құрбысы» лентасы көш басында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жақында ғана тұсауын кескен Сандра Буллоктың, «Оушенның 8 құрбысы» лентасы, отандық прокатта бірден көш бастады. Танымал актрисаның криминалды оқиғасын көру үшін, Қазақстандық көрермендер қанша миллионын жұмсап үлгерді?

Сандра Буллоктың әріптестерімен ұсынған «Оушеннің 8 құрбысы» картинасы, 82 млн теңге жинақтап бірден үздік шықты. Бес жыл бойы үлкен тонауға дайындалған Дебби Оушен, өзінің дегеніне жету үшін, құрбыларын көмекке шақырмақ. Сегіз бикештің 150 млн АҚШ доллары тұратын әшекейді ұрлап әкету жолындағы оқиғасы, киносүйер қауымды баурап алған секілді.

Жаңа хикаямен қайта оралған «Суперотбасы - 2» мультфильмі, екінші аптада 57 млн теңгеге жуық пайдаға кенелді. Түрлі ғажайып күшке ие жанұя мүшелері, бұл жолы да түрлі шытырман жайтқа тап болмақ. Төнген қауіп-қатерден, үнемі батыл балаларының көмегімен құтылатын ата-анасы, бұл жолы өздерінің де қаһармандық қабілеттерін барынша паш етпек.

«Юра дәуірінің әлемі-2» картинасы, өткен демалыста 27 млн теңгеден аса қаржыны қоржынына салып, үштікті түйіндеді. Фантастикаға толы картина, әлі де осы орынды сақтап қалмақ ниетте. Стивен Спилбергтің 25 жыл бұрын үлкен экрандарға шығарған динозаврлары, кинематографияда үлкен төңкеріс жасаған еді. Ширек ғасыр тарихы бар лентаның, жаңа бөлімінің түсірілімі Уэльс қаласындағы, Брекон-Биконс саябағында таспаланыпты.