Димаш Құдайбергеннің үйленетіні рас па? Болашақ келінге ата-ененің қояр талаптары қандай?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаштың әкесі мен анасы да болашақ келіндерін тағатсыздана күтіп жүр. Бұл жанұяда соңғы кездері той тақырыбы жиі талқыға түсетін көрінеді. Ал, жұлдызды ата-ене әулетке келетін қалыңдыққа қандай талаптар қоймақ?!

Талантымен талайды тамсандырған Димаш миллиондаған арудың арманына айналғаны ақиқат. Осы жылы оқуын тәмамдаған әнші жігіттің ендігі жоспары отағасы атану. Бұл Димаштың ғана емес, жұлдызды жанұяның ортақ шешімі.

Света Айтбаева, Д. Құдайбергеннің анасы:

Оқуын бітірді. 25-ке қарай кетті жасы. Жігіттің жасы. Сондықтан, Димаш үйленемін деп, үйге бір мөлдіретіп аруды алып келемін десе, әрине бәріне біз қуанамыз, сондай тойды күтіп жүрміз.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:

Бір күні ғашық болған кезде, өзінің сезімі қалаған кезде, бір әдемі, тәрбиелі, ибалы келінді алып келетін шығар деген үміттеміз. Ондай күндерде алыс емес шығар деп үміттеніп қоямыз.

Бірақ ата-ананың ұлы мен келініне қояр талаптары жетерлік. «Димашты әлем танығанымен, қазақ баласы өз ұлтының қызына үйленуі тиіс» - дейді.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:

Қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді бойына сіңіріп өскен бала. Біздің үйде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанған. Біздің айналамыздағы ағайындардың қаншалықты талапты екенін Димаш біледі.

Света Айтбаева, Д. Құдайбергеннің анасы:

Қандай болу керек? Қазақы, тәрбиелі, көргенді ең бастысы. Білімді болса екен деп айтып отырамыз. Ол енді балалардың құлағында қалатын шығар!

Дәл қазіргі таңда Димаш шығармашылығын шыңдау үстінде. Бүгінде бірнеше елдің композиторларымен қызу жұмыс жасап жатқан әнші жігіт, таяуда алғашқы альбомының тұсауы кеспек.