Эминем бар ашуын кімге төкті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Рэп орындаушысы Эминем, ешкім күтпеген альбомын жарыққа шығарды. Танымал музыкант, өзін сынға алған тыңдармандары мен БАҚ өкілдеріне, осы 9-шы үнтаспасы арқылы жауап қатқан. Орындаушының ашуын бұлай тарқатқаны дұрыс па?!

Қырық бес жастағы рэпер 8 айлық үзілістен кейін, «Kamikaze» атты студиялық альбомын арнайы дайындаған. Тыңдармандарын тосыннан қуантқан музыкант, үнтаспаға 13 трек енгізіпті.

Рэпер, осы альбомы арқылы, шығармашылығына күмән тудырған жандарға жауап берген. Эминемнің ендігі ниеті – сахнадағы атын қайта жаңғырту.

Танымалдылыққа түрлі әрекетпен жетуді көздейтін, америкалық музыкант Дональд Гловер «Feels Like Summer» атты жаңа бейнебаянын ұсынды. Анимация арқылы өрбіген туындыда – Рианна, Дрейк, Канье Уэст, Бейонсе сынды жұлдыздардың да образдары бар.

Чайлдиш Гамбино есімімен танылған бұл сері, өзі режиссерлық еткен бейнебаянда танымал музыканттардың өмірін сырттай бақылаушы болмақ.

Панчо, Дэдди Янки және Бад Банни бірігіп, «Como Soy» клипін жарыққа шығарды. Үштікке айналған жігіттердің бұл туындысы, бірден 16 млн-ға жуық қаралым жинаған.

«Despacito» әнімен танылған Дэдди Янкидің айтуынша, «Como Soy» трегі де әлемдік чарттарда көш бастауға лайықты.