«Көкпар» картинасында Асылхан мен Гүлназ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова болса, қырғыз көрерменінің жүрегін жаулауға ниетті. Қос актер айыр қалпақты ағайындардың «Көкпар» картинасында төбе көрсеткен еді.

Экшнға толы туындыда, көкпар ойыншысы Мақсаттың жеңіске жету жолындағы жанкештілік оқиғасы суреттеледі. Лентаның режиссері - «Ананы іздеу» драмасы арқылы бізге етене таныс – Руслан Акунов. Отандық киноқұмар жұрт, енді қыркүйектің 20-сынан бастап Гүлназ бен Асылханның еңбегіне өз бағасын бере алады!