Ариане Грандені экс-сүйіктісінің өліміне неге кінәлауда?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал 2 күн бұрын көз жұмған музыкант Мак Миллердің өліміне, табынушылары Ариане Грандені айыптап жатыр. Әнші қыз бірнеше ай бұрын, рэпермен 2 жылдық қарым-қатынастан кейін айрылысып кеткен еді.

Танымал рэпер, есірткіні көп мөлшерде қолданғаны кесірінен көз жұмған. Музыканттың кенеттен қайтыс болуы, табынушылары үшін үлкен соққы болды. Тіпті, жанкүйерлері Мактың экс-ғашығы Ариана Грандені де айыптауда. Актрисаның өзінің болашақ күйеуі Пит Дэвидсонмен сөз байласқаны, Миллерге ауыр тиді деп топшалады олар. Себебі, Мак, өз уақытында әнші қызға үйленгісі келген екен. Ал, Ариане рэпердің өліміне, ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.

***

 Актриса Дениз Ричардс болса сүйіктісі Аарон Файперспен сөз байласып, бірден тұрмысқа шықты. Жұлдызды жұп Малибу аралдарында, ет-жақындарының арасында айтулы күнді атап өткен. Қалыңдық көйлегін тігіп беру мәртебесі, дизайнер Марк Заниноға бұйырыпты. Ал өнер иелерінің үйлену тойы, «Беверли-Хиллздің нағыз бәйбішелері» теле-шоуында көрсетілмек.

***

Танымал сәнбике, әрі актриса Элизабет Херлидің ұлы, Дэмиан да анасының жолын қумақ. 16 жасар бозбала сән әлеміне қадам басқан. Дэмиан, «Tess Model Management» модельдік компаниясымен келісім шартқа отырыпты. Ал, Элизабет ханым тұңғышын қолдап, аналық батасын берген.