Головкин-Альварес жекпе-жегінде кім жеңіске жетпек?!

Сообщить о проблеме с эфиром

АҚШ-та тағы бір айтулы оқиға! 15-ші қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтетін Головкин-Альварес жекпе-жегін, әлем жұртышылығы қызу талқылап, бәс тігуде! Кім жеңіске жетпек? Бұл кездесуге қатысты кәсіпқой боксшылардың пікірін Серік Ноянбайұлы сұрап көрді!

Головкин мен Альварестің атышулы қарымта айқасына санаулы күндер қалды. Бұл жолы тең есептің тіркелмесі айдан анық дейді мамандар. Қазақ кәсіпқой боксшыларының пікірі мынадай.

Батыр Жүкембаева, WBC Continental Americas чемпионы:

– Мен ойлаймын бұл жекпе-жек қайтадан 12 раундқа созылады деп. Екеуі де бір-біріне осал қарсылас емес. Екеуі бір-бірін жаттағандықтан, білгендіктен. Біреуі біреуін нокаутқа жіберуі өте қиын болатын шығар.

Абылайхан Құсайынов, кәсіпқой боксшы:

– Негізінде жанкүйерміз ғой өзіміздің Гена ағамызға. Бірінші кездесу аса тартысты болды, екінші жекпе-жек те толық өтеді, менің ойым. Жеңу керек біздің, Гена!

«GGG -Канело» жекпе-жегі 12 раундқа созылар болса, жанкүйерлер төрешілердің бұра тартуынан қорқады.

Айдар Шәрібаев, кәсіпқой боксшы:

-Егер ұпай санымен шешім қабылдауға жететін болса, төрешілер Америка елінде Мексикаға тартып жіберуі мүмкін. Сол себепті, бізге жеңіс үшін кем дегенде 1-2 нокдаун, жақсы жағынан нокаут болып жатса...

Орта салмақтың екі қошқарының басы 15-қыркүйек күні тек рингке сыймақ. Айқас алдында қос спортшы бір-біріне қарсы сөзден аянып қалған жоқ.

Батыр Жүкембаева, WBC Continental Americas чемпионы:

– «Канелоға» келетін болсақ ашық жекпе-жекке түсемін дегені, оның бәрі пиар шоу деп ойлаймын.

Айдар Шәрібаев, кәсіпқой боксшы:

– Бірінші жекпе-жекте «Канело» қаша жүріп өнер көрсеткен. Осы жолы «алдыға барамын, жақын қашықтықта өнер көрсетемін» деп, сөз беріп жатыр. Көреміз қаншалықты сөзінде тұратынын...

Енді жаһандағы бокс жанкүйерлері, 15-ші қыркүйектегі айқасты тағатсыздана күтіп отыр.