Хейли Болдуин кім үшін сәнбикелік мансабын тоқтатпақ?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемдік поп музыкасына өз үлесін қосып жүрген Бибердің сүйіктісі болса, сәнбикелік мансабын бастамай жатып, аяқтамақ ниетте. Хейли, өзінің күйеу жігітімен бірге көп уақытын өткізгісі келеді екен. Себебі Джастин, туған жері Канадаға қайта оралуды көздеп жүр.

Хейли тіпті, Нью-Йорк сән апталығына қатысудан бас тартқан. Жас сәнбике, Джастиннің туысқандарымен танысып, бар уақытын болашақ қайын жұртына арнап жүрген көрінеді. Жұлдызды жұп қазіргі таңда үйлену тойларын жоспарлауда. Тіпті, Болдуин сәнбикелік мансабынан бас тартып, Бибермен Канадаға көшуге де қарсы емес.

***

Актер Тео Джеймс, құпия түрде үйлену тойын өткізген. «Дивергент» картинасымен танылған кейіпкер, көпшіліктен жасырып жүрген сүйіктісі- актриса Рут Кирнимен 3 жылдан бері бірге. Жас жұбайлар айтулы күндерін Италияда, ет жақындарының арасында атап өткен.

***

Актриса Дженнифер Лоуренс болса, әлеуметтік желілерде лақап атпен отыратынын мойындады. Голливудтық танымалдың ойынша, өз атынан интернетке кірудің еш қажеті жоқ. Себебі, Лоуренстің кезінде түрлі пікірлерден жүйкесі жұқарған көрінеді. Енді ол барлық жаңалықты, жалған аккаунт арқылы бақылағаным жақсы дейді.