«Жұлдыз дүниеге келді» картинасы

Сообщить о проблеме с эфиром

Бредли Купер, танымал әнші Леди Гага туралы таспалаған «Жұлдыз дүниеге келді» картинасының тұсауын, Лос-Анджелес қаласында кесті. Актер түсірілім барысында, сценарист пен режиссердың тізгінін де өз қолына алған. Танымал жұлдыздардың бұл ортақ туындысы табысты бола ала ма?
Брэдли Купер тырнақалды туындысын «Венеция» және «Торонто» кинофестивалінде таныстырып, ыстық ықыласқа бөленген еді. Енді ол қалың көпшілік алдында лентаның ресми тұсауын кесті. Картинаның басты кейіпкері - Леди Гага, өзінің күміс түстес көйлегімен қызыл кілемнің сәнін келтірді.

Фильмге негіз болған танымал әнші Леди Гаганың шығармашылық жолы. Брэдли Купер режиссерлық етіп қана қоймай, картинада басты рөлдің бірін сомдап шыққан.

Брэдли Купер, актер:

-Бұл туындыға ұзақ дайындалдым. Менің басты мақсатым - көрерменге кейіпкердің жан дүниесін жеткізу.

Леди Гага, әнші, актриса

-Брэдли өте талантты жан. Менің өмір жолым оның режиссер ретіндегі дебюттық туындысына арқау болғанына қуаныштымын.

Жұлдыздардың ортақ туындысына өнердегі әріптестері де қолдау көрсетті. Олардың мюзикл жанрында таспаланған драмадан алған әсерлері де ерекше.

Эдди Гриффин, актер

-Сіз сахнадағы әншінің өміріне үңіліп көрдіңіз бе? Танымалдардың өнер жолы өте қиын. Осының бәрін фильмнен көруге болады.

Музыкалық туындыда Леди Гага барлық әндерді жанды дауыста орындаған. Бұл Брэдлидің басты талабы болған екен. Қазақстандық көрермен, картинаны қазанның 4-ші жұлдызынан бастап үлкен экрандардан көре алады.