Медеу Арынбаев клипін марқұм жұбайына арнады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айтпақшы, Арынбаевтың да кезектті клипі өміріндегі ең жақын жандарға арналған. Шығармашылықта сәл үзіліс жасаған әнші, жаңа видеосын бақилық болған жұбайына арнапты. Тіпті, бейнебаянда басты рөлге бекітілген бикеш балаларының анасынан аумайтын көрінеді.

Соңғы жылдары сахнаға шығуды сиреткен Медеу, бұл кеште қос клиптің тұсауын кесті. Алғашқысы бақилық болған анасына арналған.

Медеу Арынбаев, әнші, композитор:

-Аяулы анамыз дүниеден өткеннен кейін тағы біраз тоқырау болды. Қайта-қайта шыға беру ол да дұрыс болмады.

Бұл видеоға анасының көзі тірісіндегі бейнетаспаларын қолданыпты. Мұрағаттан жинақталған жаңа жұмысқа, әріптестері оң бағасын берді.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Анаға деген махаббат кез-келген адамның жүрегінде. Оны адам анасының жүзін көріп, ескі бейнетаспаларды көріп-ақ еріксіз жанарға жас келетін кездер болады. Сол орайда өте сағынышқа толы бейнеклип болған. Маған ұнады.

Ал, екінші туындысын, «Ғашықтар биі» бейнебаянын әнші марқұм жұбайына арнаған. Клиптегі басты кейіпкер - музыкант досының қалыңдығы екен.

Медеу Арынбаев, әнші, композитор:

-Қарасам келінім дәл келіп тұр осы клиптің бет бейнесіне. Жарасып тұрған екен. Бір қарасам өзімнің де бұрынғы сүйікті жұбайым Айгүлдің де образы келетін сияқты. Сондықтан болды табылды деп, мен қуана-қуана суретке қарасам, қасымызда жүрген келінім екен. Табылды дедім.

Тұсаукесерге Медеудің ұл-қызы да арнайы келген.

Дәулет Арынбаев, М. Арынбаевтың ұлы:

-Осы екі клипке бір айдай дайындалды... Кейбір кезде маған келіп сұрайды. Қалай, ұнай ма деп айтады. Әкемді күніге естимін. Өзінің комнатасында өлең айтып солай...

Даяна Арынбаева, М. Арынбаевтың қызы:

-Ақылдасып отырады және де бәрін бізге айтады. Біз әрине де әкемізге қолдау көрсетеміз.

Медеудің шығармашылыққа деген қарқыны бәсеңсімек емес. Таяу күндері Мейрамбек Бесбаевпен бірігіп жаңа бейнебаян таспаламақ.