Париж сән апталығы

Сообщить о проблеме с эфиром

Mugler сән үйі үлгілерін ерекше таныстыруды ойлап бас қатырмақ емес! Есесіне, танымал брендтің топтамасын тамашалауға Карди Бидің өзі келген көрінеді.

Мюглер көрсетіліміне арнайы шақырту алған Карди Би мен Тина Кунакиге паппарацци өкілдері тыным бермеді. Жұлдыздар есіктің алдын қаумалаған журналистерден әрең дегенде қашып құтылып, топтаманы тамашалады.

Мюглер бренді спорттық стильді көркемөнермен байланыстырып, өзге әріптестерінен еркшелене түсті. Тіпті, кейбір киімдерден британдық суретші Самара Скоттың картинасын байқауға болады.

Ал, Мартин Маржела жыныстық ерекшеліктерді аса ескермей, ерлерге белдемше мен көйлек кигізген. Джон Гальяно тың топтамасы кімді болса да таңқалдырғаны сөзсіз. Ал, аяқкиімдердегі селфи таяқша дизайнердің қолтаңбасына айналғандай. Осыдан жарты жыл бұрын Гальяно бұл жаңашылдығын алғаш рет ел назарына ұсынған еді.

Гламур және қарапайымдылық! Дрис ван Нотен брендінің пайымынша, биылғы маусымның ұраны осы. Сән үйі аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлатын, ашық-жарқын реңктегі топтамасымен қуантты.