Сахналық есімін өзгерткендер

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал рэпер Канье Уэст өзінің сахналық есімін өзгертті. Енді «YЕ» деген атпен өнер көрсетуді көздеген музыкант, не себепті мұндай қадамға барған?

Өзінің твиттер парақшасында күтпеген жаңалықпен бөліскен рэпер, енді «YЕ» деген атпен шығармашылығын жалғастырмақ. Канье жарыққа шығарған соңғы альбомын дәл осылай атаған еді. Танымал өнер иесінің мұндай қадамға баруының себебі дініне деген құрметі көрінеді. Сонымен қатар, «YЕ» жақында тұсауы кесілетін «Yandhi» альбомының тизерін ұсынды.

Ал отандық жұлдыздар арасынан, «101» тобының солисі Иван Бреусов та, кезінде жеке шығармашылығын лақап атпен шыңдамақ болған. Ол өзінің дебюттік туындысын Ваня Моцарт деген атпен таныстырған еді.

Иван Бреусов, әнші:

-Ваня, немесе Иван ол менің өмірлік атым. Ал Моцарт ол – ұлы есім. Себебі, әрбір талантты өнерпаз, жан-дүниесінде ұлы музыканттың бар екеніне сенімді.

«Жаңа толқын» байқауында Қазақстанды әлемге танытқан Адэми де, сахналық атын өзгертті. Енді ол шоу-бизнеске Диная ретінде қадам басты. Өнерлі қыздың пайымдауынша, адам есімі тағдырға әсер етеді.

Dinaya, әнші:

-Мен өзім кім екенімді түсіне алмай жүрдім. Достарым мен жақындарым үшін мен Динамын. Ал өнердегі әріптестерім бірі Адэми десе, бірі Дина деп атайды. Ақырында «Диная» болуға шешім қабылдадым.

Лақап атын ауыстыратын өнер иелерінің басты мақсаты – жаңа белестерді бағындыру.