Баян Алагөзова дизайнер атанды

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Алагөзова бұдан-былай сәнгер атанбақ! Талай музыкалық ұжымжы басқарып, кино да түсіріп, тіпті жазушы ретінде қалам тербеген ол, енді фэшн саласына араласпақ. Атышулы экс-Есентаева «Аруназ» брендімен бірігіп, киім үлгілерін ұсынды.

Тың топтаманы әзірлеу идеясы продюсер мен дизайнердің «Кешьюдің» кезекті образын талқылауы барысында туындаған.

Назым Қарпықова, «ARUNAZ » брендінің дизайнері:

- Бұл топтаманы біз бір аптаның ішінде тігіп шықтық. Себебі, біз аяқ-асты осындай шешімге келдік те Баян Мақсатқызымен. Мен барлығын тігіп, Баян Мақсатқызымен фотоссесия жасап. Ол «джинсовый коллекция» болады. Күнделікті қыздарға, әйелдерге, жас қыздарға арналған. Және де ойлаймын, сіздерге, барлықтарыңызға ұнайды деп.