Джиджи Хадидты сотқа берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал сәнбике Джиджи Хадид болса, фотографтармен әлекке түсіп жүр. Өзінің суретін инстаграм парақшасына жүктеген ару, енді заң алдында істі болуы мүмкін. Тіпті, қарсы тарап Джиджиді фото ұрлады деп айыптауда екен.

Джиджи Хадид, инстаграм аккаунты арқылы дәл осы кадрлармен бөлісемін деп, басы дауға қалды. Суреттерді таспалаған фотографтар, авторлық құқықты алға тартып, сәнбикенің атына бірден шағым түсірген. Ал, Джиджи болса, бұл фотоларды фан-парақшалардың бірінен алдым деп ақталуда.

***

Актер Джейми Дорнан үшінші рет әке атанбақ. Жұлдыздың жұбайы Амелия Уорнер, аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Қазір Далси мен Элви есімді екі қыз тәрбиелеп отырған жұп, 2007 жылдан бері бірге. Голливудта үлгілі отбасылардың біріне айналған Джейми мен Амелия болашақ сәбидің ұл болғанын қалайды екен.

***

Актер Сэм Клафлин «Өткір мүмкіндік» телехикаясының кейіпкері атанды. Британдық криминалды туындының бүгінгі таңда 5-маусымы таспалануда. Атышулы сериалға - Энтони Бирн режисерлық етеді. Сериалдың жалғасы, 1929 жылдағы дағдарысты баяндамақ. Томми Шелбидің әулеті енді саясат мәселелерін қолға алады.