Назима алғашқы әнін ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күллі ТМД-лық тыңдарманның жүрегін жаулап үлгерген Назима жаңа әнін ұсынды. Нақтырақ айтсақ, бұл арудың «Black Star» лейблындағы өзге жұлдыздардың қатысуынсыз шырқаған тұңғыш туындысы саналады. Су жаңа трек, көптің көңілінен шыға ала ма?

Black Star-дың құрамына кірген Назима бұл сәтті ұзақ күткендей. «Чувства» атты трегін ұсынған ол, осыдан бір күн бұрын өз парақшасында қатты қобалжып жүргенін жеткізген еді.

-Апта бойы түндерім ұйқысыз өтуде. Уайым үстіндемін. Өйткені бұл ән менің сезімдерім жайлы. Алғаш рет, әуен арқылы жан дүниемді ақтармақпын. Сондықтан, тұсаукесерді тағатсыздана тосудамын.

Ал, ыстығы басылмаған туынды көптің көңілінен шығады ма, жоқ па, ол жағын уақыт көрсетер.

***

Қазақстандық әріптесінен қалыспай, әнші Пинк те «A Million Dreams» атты трегін тыңдарманға тарту етті. Аталмыш әуен бұған дейін «Ұлы шоумен» кинокартинасында шырқалған болатын. Өнерпаз ару арманға жетелейтін лентадан қатты әсерленді ме, әйтеуір саундтректі әнқоржынына қосуды жөн көріпті.

***

Тың туындының тұсауын кескендер арасында Major Lazer мен Туве Лу да бар! Музыканттар «Blow That Smoke» әнімен бірге жанкүйерлеріне бейнебаянды да қатар ұсынды.