Айжан Байзақованың әпкелері ашулы!..

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғаламторда ерсі қылықтарымен елге танылған Байзақова, жақында жүкті екенін айтып, желіні дүр сілкіндірген еді. Таяуда атышулы Айжан тұрмыста екенін өз оқырмандарына астарлап жеткізгендей болды. Ал, қазақ қызының интернеттегі оғаштау іс-әрекеті өнердегі әпкелерінің ызасына тиюде.

Бастапқыда Байзақованың ерсі қылықтарын елемей, жастықтың буы деп пайымдаған өнер иелері, некесіз жүктілігін жария қылғанда үндемей қалмады.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Байзақова сіңілім, қазақтың қызы болса, абайлап жүрсе екен деймін. Өйткені біреу ашулануы да мүмкін. Біреу қиянат жасауы да мүмкін. Сен қазақтың қызысың. Не істеп жүрсің? Басынан біреу бірақ ұрса, не болады? Жаман болады, әрине!

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Біздің салт-дәстүрімізге, тәрбиемізге, біздің менталитетімізге... Айта берсең көп! Өйткені біздің қазағымыз – қаны таза, текті халық. Сол себепті, әрине етек жауып жүрген дұрыс қой.

Өнер өлкесіндегілер Айжанның оғаш әрекетін қазаққа жасалған қиянат деп түсінсе, атышулы арудың аттас әпкесі жас қызды жақтайды.

Айжан Нұрмағамбетова, әнші:

-Қазір енді жастар өздері білсін. Өздері білсін. Кім біледі, қасында жақсы жігіті бар шығар. Тұрмысқа шықпай, бірақ қасында жігіті бар болса?..

Иә, Айжан қазнеттің санасын сан-саққа жүгіртуге құмар-ақ. Алғашқыда аяғы ауыр екенін хабарлаған бикеш, кейін тұрмыста екенін мәлім етті. Ал, желідегі соңғы жазбасының бірінде ажырасқанын жариялады. Әзірге құрсағындағы сәбидің әкесі жайлы тіс жармаған Байзақова, дәрігерлер тексерісінен кейін тұңғышының ұл бала екенін растап отыр.