Талғамы жоғары отандық жұлдыздар.

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің де сәннен хабары мол! Мәселен, «Ninety one» тобы бастаған өнер өкілдері «ең стильді жұлдыз» кім деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен, ерек талғамымен таңқалтқан кім?

Талай кештер мен концерттерде тың образдарымен төбе көрсетсе де, «Найнти уандықтар» өздерін «ең стильді» деп атаудан аулақ. Мемберлердің сәнге қатысты өзіндік түсінігі қалыптасқан.

«Ninety one» тобы:

-Біздің ойымызша, стиль дегенді әркім әрқалай түсінеді. Стиль ол ішкі жан дүниенің сыртқы бейнесі. Сол үшін әркім өзін мен стильдің үстіндемін деп айта алады. Себебі, ол өзінің стилін тасу үстінде.

Дәл осылай қарапайымдылық танытқан «Найнти уандықтарды» Бота Бақытжан – сәнқойларға жатқызады. Дизайнерді талғамымен таңқалдырғандар тізімінде өзге есімдер де жетерлік.

Бота Бақытжан, дизайнер, стилист:

-Негізі бізде сәнді артистер бар деп айтуға болады. Ол әрине, «Найнти уан». Кейін кью-поп бағытында көбінесе. Мысалға, «Мунлайт», «Зируза». Олар басқа артистерге қарғанда осы кью-поп жанрындағы артистер көбінесе трендке көп көңіл бөледі.

Алайда, бұл пікірмен Гүлназ Жоланова аса келісе қоймады. Талғамға талас жоқ демекші, актриса үшін ерекше киіну үлгісімен ел назарында жүрген жұлдыздар мүлде бөлек.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Енді, біздікілерде айтар болсақ, маған ұнайды Лидоның қалай киінетіні, жалпы өзін қалай көрсететіні. Және де Баян Мақсатқызы. Бізде сәнді жұлдыздар көп. Динара Сәтжан. Кәмшаттың сахнадағы сәнді образдары ұнайды. Жігіттерден Санжар өте сәнді жігіт, модный.

Динара Бақтыбаева, актриса:

-Меніңше біздің дизайнерлер «ең сәнді» аталымына лайық. Мәселен Леонид Жеребцов. Айнұр Тұрысбек өзіме қатты ұнайды. Ал, актерлардан сөзсіз – Санжар Мәди.

Осылайша, Санжар Мәди – бірауыздан «сәнді сері» аталымына лайық деп танылды. Ал, «ең стильді жұлдыздар» тізіміне іліге алмағандар, бұдан-былай өз образдарын көркейте түседі деген үміттеміз