«Кек алушылар 4» картинасы рекорд орнатуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Marvel компаниясы болса, «Кек алушылар» лентасының төртінші бөлімінің трейлерін ұсынды. Тизер бір тәулікте 300 млн-ға жуық қаралым жинап үлгерген. Жоба авторлары су жаңа «Кек алушылар 4: Соңы» картинасы, жаһандық прокаттан 2 млрд доллар табыс әкеледі деп пайымдап отыр.

«Ақырғы шайқас» лентасы қаһармандардың, ғарыштан келген зұлым кейіпкер Таноспен соғыста жеңіліс табуымен аяқталған еді. Жер шарын билеп-төстеуді көздеген жауыз, мақсатына қол жеткізген болатын.

Енді әлемді құтқару үшін «Кек алушылар», «Ғарыш күзетшілерімен» бірікпек. Супер қаһармандарға ең алдымен күш жинау қажет. Себебі олар, Таностың қаһарынан бас сауғалап, түрлі планеталарға тарыдай шашылып кеткен еді. Әйгілі хикаяның төртінші бөлімінде дәл осы батырлар бір тудың астына жиылып, Жер шарының жарқын келешегі үшін айқасқа шықпақ.

«Марвел» кинокомпаниясы ұсынған «Кек алушылар:Соңы» лентасының, 2019 жылдың көктемінде жарық көруінің басты себебі – өзіне бәсекелес туындылардың болмауында дейді киногерлер. Көрермендер де бұл киноөнімді тағатсыздана күтіп отыр. Аталмыш картина жаһандық айналымда, әйгілі франшиза тарихындағы жаңа рекордты орнатады деп болжануда.