Карди Бидің мойындаған қылмысы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық танымал рэп орындаушы Карди Би болса, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуде. Әнші қыз бірнеше ай бұрын түнгі клубтардың біріндегі шабуылға қатысы бар деп айыпталған еді. Атышулы арудың соңғы сот отырысы қалай өтті?

Карди Биге 15 тамызда болған жайсыз оқиғаға байланысты кінә тағылған еді. Себебі рэп орындаушының оққарғарлары түнгі клубтағы биші қыздарды ұрып-соққан. Қазан айында тағылған айыбын мойындаған әнші, сот алдына да өз еркімен келген. Карди зардап шеккен бикештерге өтемақы төлеп, кешірімін алып, татуласып үлгерген көрінеді.

Деми Ловата өзінің жаңа ғашығымен папарацци қарауына ілікті. Танымал әнші, 27 жастағы дизайнер – Генри Левимен бірнеше айдан бері көңіл жарастырып жүрген. Демидің сүйіктісі 15 жыл бойы есірткіге құмарлықпен күрескен жан болып шықты. Ловатаның сөзінше, ғашығымен тағдырының ұқсас болуы, екуінің бір-біріне деген сезімін күшейте түскен екен.

Әнші Ариане Гранде болса, өзінің экс-ғашығы Пит Дэвидсонның тағдыры үшін алаңдаулы. Өнерпаздың уайымға салынуына, Питтің инстаграмдағы соңғы жазбасы себеп болса керек. Сері керағар пікірлердің кесірінен, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны жайлы ашып айтқан көрінеді. Гранде бикеш, бұрынғы күйеужігітіне қолынан келгенше қолдау көрсетуге ниетті