Лондонда Fashion Awards марапаты табысталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Әуелбекованың шетелдік әріптестері Fashion Award марапатында бас қосты! Дэвид пен Виктория Бекхэм бастаған ең сәнді өнер өкілдері, шараға бірінші болып жеткен көрінеді. Сонымен, айтулы жүлде кімге бұйырды?

Сән өндірісінің кіл мықтылары мен осы саланы жан-тәнімен сүйетіндер бас қосқан кеште, жұлдыздардың қарасы мол болды. Қызыл кілемде төбе көрсеткен танымалдар арасында – атұстарын ерте келген Бекхэмдер отбасы, Кендал Дженнер, Рита Ора тіпті Пенелопа Круз да бар.

Пенелопа Круз, актриса:

-Fashion Award-та алғаш рет төбе көрсетуім. Шараға шақырту алу – мен үшін үлкен құрмет. Құрбым Меган Маркл да кешке қатысады деп естідім. Меніңше, мұндай шаралар өте керек.

Бұл салтанатта әйгілі Givenchy маркасының жетекшісі – Клэр Уэйт Келлер, ханшайым Меган Марклдың қолынан «әйел киімдерінің үздік дизайнері» жүлдесін алды. Ал, «Gucci» - «жыл бренді», «Valentino» сән үйінің директоры – Пьерпаоло Пиччоли «жыл дизайнері» марапатын иемденді. Жеңімпаздар арасынан Кая Гербердің есімі де табылды.

Кая Гербер, сәнбике:

-Мұнда ең әсем арулар жиналған. Бұл мен үшін ерекше сәт. «Жылдың үздік сәнбикесі» атану – мен үшін үлкен мақтаныш.