BTS немесе EXO! Кім үздік?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық өнерпаздар тойлар мен түсірілімдерден босамай жатқанда, олардың шетелдік әріптестері түрлі бәйгелерден жүлде алуда! Мәселен, әйгілі Биллборд чарты әлеуметтік желіде белсенділік танытып, ең көп жанкүйер жинаған жұлдыздардың тізімін жариялады!

Ең қызығы, «social artist» мәртебесіне қос бірдей корейлік ұжым - BTS пен EXO таласқа түскен еді. Алайда, Bangtan Boys АРМИ-дің арқасында аталмыш тізімде бірінші болды. BTS жанкүйерлерінің еселене түсуіне, топтың әлем бойынша жасаған әнсапары әсер етсе керек.

Еске салсақ, жігіттер тамыз айында өздерінің «Love Yourself» турнесіне кіріскен еді. Жер жаһанды концерттерімен кезген бойзбенд, тек келер жылдың ақпан айында Жапонияда жолын түйіндемек.

Алайда, АРМИ-ден EXO-L де қалысатын емес! Желідегі жалынды жақтастарының демеуі мен жігіттердің пысықтығының нәтижесінде – EXO тобы Биллборд ұсынған тізімде екінші орынға жайғасты.

Корейлік әріптестерінің ізін ала, аталмыш чарттан Карди Би-дің есімі табылды. Күні кеше, күйеуіммен ажырастым деп инстаграмды басына көтерген сұлудың, желідегі белсенділігінің себебі айтпай-ақ түсінікті.

Жанкүйерлерімен ғаламтор арқылы тығыз байланыс орнатып, әлеуметтік әртіс атанған Карди Бидың еңбегі жанды деуге толық негіз бар. Соңғы кездері әнші арудың әрбір әні де – хитке айналуда.