Уәде қайда, жұлдыздар?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өзге жұлдыздар болса, әріптестері сынды "xайп" қууға талпынбайды. Себебі, олар елді ерек істерімен шулату тұрмақ, осы жылға жоспарлаған дүниелерін де жүзеге асыра алмаған. Сонымен, уәдесін бұзған әртістер кімдер?

Дильен, «Мysterions» тобының мүшесі:

-Музыка тұрғыда жаңа бағыт, жаңа клиптер, жаңа образдар, жалпы жаңа логотип брендинг.

Дәл осылай жыл басында «Мистерионстық» сері, отандық вайнерлермен бірлесе ұжымымызды қайта жаңғыртамыз деп сөз берген еді. Ал, Дильеннің көптен көрінбей кеткен әріптесі – Қайрат Түнтековтің, шетелдік сахнаны бағындыратынын айтып, көпшілікті таңқалтқаны бар.

Қайрат Түнтеков, әнші:

-Бір жағдайлармен, оның үстіне естідіңіздер шетелге кетіп бара жатырмын. Мені Қытай шақырып отыр.

Әншілерден қалыспайтын Динара Сәтжан да, қазан айында кітабымның тұсауын кесемін деген жоспарын жариялаған еді. Алайда, жаңалығын айтып күні бұрын сүйінші сұраған бұл жұлдыздар, өкінішке орай уәделерінде тұрмады. Көздеген мақсатына жете алмаған әртістердің тізімі тағы да толыға түсуде.

«MadMen» тобы:

-Негізі біз 2018 жылы «Ла-ла-лем-нен» басқа тағыда екі ән шығару керек болғанбыз. Бірақ та сол әндерді 2019 да шығару дұрысырақ деп ойладық.

Ойдағыны жүзеге асыруға 365 күн жетпегендер арасында – Нұржан Керменбаев та бар. Әншінің жоспарының басым бөлігі ел ұмыта бастаған «Арнау» ұжымына қатысты.

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Біраз нәрсе үлгердік, біраз нәрсе үлгермедік. Мысалға, кейбір әндеріміздің біразы шықпай қалды. Оның ішінде дуэттер бар, басқасы бар, жеке әндер, бейнебаян бар.

Алайда, жұлдыздар «келесі жылы қалай да олқылықтың орнын толтырамыз» деп сөз берді.