Джодж Клуни 20 жылдан кейін телевизия саласына бет бұрды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Меган Марклдың өмірде жақын достарына айналған Клуни әулеті су жаңа картинаның тұсауын кесті. Бұл Джордж Клунидің 20 жылдан кейін телехикаяға түсуі. Телевизияға қайта оралған актердің көздегені не?

Джордж Клунидің «22 тәсіл» атты тың туындысы, үлкен экрандарға арналмаса да, алғашқы көрермендер үшін ауқымды шара өткізілді. Актер жұбайы Амальмен бірге көпшілікті дәл осы телехикаяны тамашалауға шақырды.

Джордж Клуни, актер:

- Бұл оқиғаны 2 сағаттық фильмге сыйдыру мүмкін емес, себебі ол ауқымды. Сондықтан біз оны сериалға айналдырдық. Бүгінде қызықты оқиға болса неге теледидар тамашаламасқа.

Ким Кардашьян әлеуметтік желідегі ең қымбат жұлдыз атанды. Атышулы сәнбике инстаграм парақшасында бір жарнама үшін қомақты қаржы талап ететін көрінеді. Себебі бикештің арнайы жазбасының құны - 1 млн долларды құрайды.

Жақында ғана қалыңдық атанған Софи Тернер, заңды түрде Джонас атанды. Актриса сүйіктісімен некеге отырған сәттен бастап, оның тегіне ауысуды қолға алған екен. Jonas Brothers тобының мүшесі Джомен шаңырақ көтеру салтанатын бикеш құпия өткізген еді. Жұлдызды жұп бұл кішігірім тойларына 675 мың доллар жұмсаған.