Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли Дженнер мен Трэвис Скоттың қыздары сәби болса да, бүгінде жұлдызға айналып үлгерді. Ең бай сәнбике мен рэпер, тіпті кішкентай ханшайым Стормидің құрметіне, денелеріне сурет салдырды.

Кайли Дженнер мен Трэвис Скоттың бірдей етіп салдырған екінші татулары Сторми үшін. Алғашында денеге бейнелеген суретін бір-біріне арнаған жұп, осылайша сөз байласуды жөн көріпті. Себебі сәнбике мен музыкант ресми түрде отау құруды жоспарлап жүр. Екі жылдан аса бір шаңырақ астында тұратын ғашықтардың дүбірлі тойын, Кардашьяндар әулетінен бұрын, фанаттар асыға күтуде.

Джуд Лоу әншілікті қолға алды. Актер өз авторлығымен «Vampire Weekend» тобына бірнеше трек жазып берген екен. Джуд сонымен қатар бұл туындыларды рок ұжыммен қосыла шырқаған. Ал голливуд жұлдызының орындауындағы хиттер су жаңа «Father of the Bride» альбомына енбек.

Софи Тёрнер күйеуі Джо Джонасқа алғысын білдірді. «Тақтар ойыны» телехикаясының жұлдызы, таяуда ғана «Jonas Brothers» тобының мүшесіне тұрмысқа шыққан еді. Софидің айтуынша, 2016 жылы денсаулығы сыр беріп жүрген кезде сүйіктісін кездестірген. Актриса, Джоның қолдауының арқасында ғана өз-өзіме келдім деп отыр.