Дисней студиясының Динара Сұлтан шығармашлығына көзі түскені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі «Аладдин» картинасы енді қазақ тілінде көрерменге жол тартпақ! Туынды кейіпкерлеріне отандық актерлар өз дауысын сыйласа, Динара Сұлтан лентаның саундтрегін шырқаған екен. Тіпті, Дисней студиясы әншінің әсем орындауын ұнатып қалған көрінеді.

Дәурен Серғазин үшін, бұл дубляж саласындағы алғашқы тәжірибесі емес. Алайда соған қарамастан, өнер иесі кейіпкерді қазақша сөйлету оңайға соқпағанын айтады. Оның үстіне, актер анау-мынау емес, Уилл Смиттың өзін дыбыстаған еді.

Дәурен Серғазин, актер:

- Қазақша қалжың қосу, қазақша екпін түсіру, одан кейін рэп оқу, рэпті де шет жағасын сол жерде үйреніп, сол жерде әнге, киноға салуға тура келді. Өте қиын болды.

Жағымсыз жан Жафардың дауысын салған әнші Нұрлан Әлімжан, өз кейіпкеріне дән риза.

Нұрлан Әлімжан, актер:

- Дыбыстау барысында, тек дыбыстаудағы өзімнің үнім емес, сол фильмді қайта қайта көріп, еніп жатып, кәдімгідей сол фильммен жаным демалып рахаттандым.

Динара Сұлтан да, картинаның арқасында өзін бір сәтке болса да ханшайым сезініп көрді. Әншіге фильмнің саундтрегін орындау бұйырыпты. Дисней студиясы көп әншінің ішінен Динараны арнайы таңдап алған.

Динара Сұлтан, әнші:

- Әнді айтқан кезде мен Жасминге қарап, соның эмоциясына қарап айтуым керек болды. Айқайлап. Әннің аты үнсіздік деп аталады. Ән негізі осы фильмнің ішінде саундтрек болып келеді, Және альбомдық версиада менің дауысымды қалады Дисней студиясы.

Болашақта Диснейден тағы да ұсыныстар түссе, міндетті түрде келісемін дейді Динара. Ал, қазақша сайраған «Аладдинды» отандық жұлдыздар алғаш боп тамашалаған еді. Өнер өкілдерінің әріптестеріне берер бағасы жоғары.

Данияр Өтеген, әнші:

- Осындай үлкен деңгейді түсірілген және де көптен күткен мультфильмдері көптеген еліміздің азаматтары міндетті түрде қазақша да көргісі келеді. Соның бірі мен болам, сондықтан әрине осындай премьераларды өткізбеуге тырысамын.

Ақерке Бүркітбай, әнші:

- Өзіміздің ұлттық тілімізде шетелдің фильмін көру ерекше сезім, сондықтан да барша адамға міндетті түрді қазақ тілінде көруге кеңес беремін.