Алуа Қонарова енді телепродюсер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тың бастамасы жан құрбысы Салтанат Қалиева екеуінің арасына сызат түсірді ме?

Қай істі қолға алса да, Қонарова үшін қатып қалған қағида – тек сапалы өнім ұсыну. Шоу бизнес көшіне қосқан жобалары – сөзімізге дәлел. Енді Алуа ханым телевизиялық жобаның тізгінін ұстады. Дегенмен, бұл салада мүлде машықтанбаған маман көременге қажет контент ұсына ала ма?

Алуа Қонарова, продюсер

- Ең қиыны – бағдарламаны ашатын кейіпкерді таңдау. Ұйымдастыру жағы да ақсап қалмау керек. Қонақтарымыз елге танылған әйелдер болғандықтан, олардың әр күні тығыз кестегі тізілген. Сондықтан, олардың уақытына қарай, ыңғайын табуымыз керек. Одан бөлек түсірілім алаңын дайындау деген сияқты қосалқы мәселелер де бар.

Білмегенін продюсер жақын құрбысы Салтанат Қалиевадан сұрап алатынын да жасырмайды.

Салтанат Қалиева, тележүргізуші

- Бұл серіктестік достықтан пайда болған жоба. Өмірде құрбы ретінде бір-бірімізді жақсы түсінеміз, қадірлейміз.

Өмірде қалжыңдары жарасқан құрбылар, түсірілім алаңына келгенде бірі басшы, бірі қызметкер екенін ұмытпайды.

Салтанат Қалиева, тележүргізуші

- Басында ұрсып қалған кездерімізде болды. Маған тіпті «мен жұмысқа келмеймін» деп жазғаны да бар. Мен Алуаның мінезін білем ғой, жазып жібердім «қума, кемпір» деп. Біз енді «Аққу-Гәккуміз» ғой.

Осындай тату-тәтті достықтың арасына жұмыста туындаған қиындықтар, әсіресе қаражат мәселесі сызат түсірмейді ме?

Алуа Қонарова, продюсер

- Бастысы – ақша емес. Ортамызда белгілі бір келісім бар, соған сүйене жұмыс істейміз. Тек жұмыс барысында келспей қалатын сәттеріміз болады. Есесіне, біз бір-бірімізге демеушіміз, қолдаушымыз. Музыкалық продюсерлікте 20 жылдық тәжірибесі бар Алуа Қонарова, бұл саланы да сөзсіз бағындырады деп сенеміз.