Анджелина Джоли жетінші сәбиін асырап алмақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли тағы бір мәрте ана атанбақ! Әйгілі актриса жетінші перзент асырап алу қамына кіріскен.

«Балаларым - бар байлығым» деген Анджелина, енді сириялық сәбиді өз қамқорлығына алмақ.

Ким Кардашьянның басы тағы да дауға қалды. Өзінің іш киімдер топтамасын ұсынған сылқым, әпкесі мен сіңлісін жарнама ролигіне түсірген еді. Алайда, көпшілік Кортнидің танымалдылығын бас пайдасына қолданғаны үшін Кимге ашулы.

Ким Кардашьян апкелерін өз мүддесіне тегін пайдаланса керек. Тіпті, бірер жыл бұрын Кортни бейнесін қолданып, гонорарын төлемегені үшін Кимді айытпағаны да бар.

Ариане Гранде әділеттілікті талап етеді. Әншінің экс-ғашығы Мак Миллердің өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды. Еске салсақ, рэпер тура бір жыл бұрын есірткіні шамадан тыс қабылдап, көз жұмған еді. Полиция қызметкерлері музыканттың өмірден өтуіне Кэмерон Джеймс Петтит есімді азаматты кінәлап отыр. Себебі, оның Миллерге жасанды есірткі сатқаны дәлелденді.

Бұл жаңалықты естіген Ариана, бақилық болған сүйіктісінің жазасына кінәлі адамның сотталғанын сұрауда.