Анастасия Заворотнюктің қазіргі жағдайы қалай?

Сообщить о проблеме с эфиром

- Ты сейчас счастлива?

-Абсолютно, абсолютно. Сейчас проснется еще милипут Мила Чернышева и ты поймешь, что по-другому тут не может.

Бұл – Анастасия Заворотнюктің сәуірдегі сұқбаты. Кенже қызы Миланы босанып, бар уақыты мен күшін отбасы мен сүйіктісі Петр Чернышевке арнаған бақытты сәттері. Дәл осы уақыттан бері – спектакльдерде бой көрсетпей, түсірілім алаңдарынан да жоқ болып кеткенді.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, сол кезеңдерден бері актриса Польшада ем қабылдап жатқан екен. Әріптестері – оның дертін глиобластома дейді. Бұл – мидағы қатерлі ісіктің ең агрессивті әрі ем дарымайтын түрі. Дәл осы диагноз – марқұм Жанна Фриске мен Дмитрий Хворостовскийге де қойылғанды.

Кенжесі Мила – актрисаның бойына ЭКО арқылы біткен. Настяны жақсы танитындар дәл осы жәйт ауруға сеп болуы мүмкін деген болжам айтуда. Кейбірі, жасартатын түрлі процедуралардың салдары десе, енді бір тарап – Заворотнюктің әкесін мен ағасын қатерлі ісік жалмады дегенді алға тартуда.

Анастасия Заворотнюктің жағдайына қатысты түрлі қауесеттің тарауына жақындарының үнсіздігі сеп. Олар актриса жайлы ешқандай ақпарат таратпауды қатаң ескертті. Настяның инстаграмындағы посттардың бәріне комментарий қалдыруға да шектеу қойып тастаған.

Польшалық дәрігелер бұл ауруды емдеуде дәрменсізбіз деген соң, актриса Мәскеулік жеке клиникаға ауыстырылғанды. Анастасия мұнда жеткізілген соң комаға түскен. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған оны дәл қазір пневмония қыспаққа алып жатыр екен. Тіпті, Андрей Разин актрисаның бірер күндік қана өмірі қалды деп мәлімдеді. Продюсердің айтуынша, дәрігерлер осындай болжам жасап отыр.

Ал, Анастасияның анасы мен күйеуі көпшіліктің көмегінен бас тартуда. Тек, «оның денсаулығының жақсаруы үшін дұға жасаңыздар болды» деумен шектелді.