Харли Квинге арналған жеке картина!

Сообщить о проблеме с эфиром

«DC Comics» студиясы фанаттарын қуантты. Әйгілі кинокомпания көптен күткен «Жыртқыш құс» фильмінің постерін ұсынды. Марго Робби басты ролді сомдайтын лента, «Бұзақылар жасағының» кейіпкері Харли Квинге арналған жеке картина болмақ.

Дәл осы мұқаба арқылы Джокердің ғашығы Харли тың туындыда, түрлі дұшпандарымен шайқасқа түсетіні анық байқалады. Жоба авторлары ессіз бикеш жайлы фильмді, тек 2020 жылы жарыққа шығарамыз деп отыр.

«Джеймс Бонд» жұлдызы Дэниэл Крэйг тағы да тыңшының ролінде. Актерге

су жаңа «Knives Out» атты детективті фильмде басты кейіпкерді сомдау бұйырған.

Әйгілі «Жұлдызды айқастың» режиссері Райан Джонсон таспалаған аталмыш туынды, Бенуа Блан есімді агенттің хикаясын баяндайды. Сюжет желісі бойынша, ол 80 жастағы әйгілі жазушыны өлтірген қылмыскерді тұтқындауға міндетті. Шытырмаға толы фильм, қараша айының 28-ші жұлдызынан бастап көрерменге жол тартады.

Халк ретінде кеңінен танылған Марк Руффало, енді суперқаһарман емес. Актер бұл жолы қарапайым заңгердің образында. Сері, «Темные воды» картинасының алғашқы трейлерін көрермен назарына ұсынды.

Шынайы оқиғаға негізделген фильмде Марк пен бірге актриса Энн Хэтуэй бой көрсетеді. Қос жұлдыз экологиялық апатпен қүреспек. Олар тіпті, табиғатты ластау арқылы адам өміріне қауіп төндіріп отырған компанияны әшкерелеуге кіріседі. Картина, 22-шы қарашадан бастап үлкен экрандарда.