Анджелина Джолидің дәл қазір ұшарын жел, қонарын сай біледі. Себебі, актриса жаһанды шарлап, «Малефисента: зұлымдық әміршісі» картинасының түрлі шаһардағы премьераларына қатысып жүр. Промотур Римде жалғасты.
Анджелина Джоли – актриса
- Менің неге перзенттерімді қасымнан тастамай ертіп жүргенімді білесіздер ма? Себебі, біздің фильм ең әуелі балаларды тәрбиелейді. Зұлымдық пен жақсылықтың ара-жігін ажыратып көрсетеді.
Энджи бұл жолы тұсаукесерге Шайло мен Захара есімді екі қызын ерте келген.
Рианна да төл туындысының тұсауын кесті! Бұл – барбадоссалық сылқымның дүние есігін ашқан сәтінен, бүгінгі биігіне дейін өмір баспалдағын суреттейтін визуалды кітап! Ғұмырдастанға 1000-нан аса эксклюзивті сурреттер сыйдырылған.
Кітаптың алғашқы нұсқасы Diamond Ball 2019-да бәссаудаға тігіліп, лотты Карди Би 111 мың долларға сатып алғанды.
Мені жабырқап жүр десеңіз, жаңылысасыз! Дженнифер Энистон Джастин Терусіз өмірінің қалай өтіп жатқанын айтты. Актриса, жалғызсырап жүрген жоқпын дейді. Керісінше, күйеуімен ажырасқан соң, мансабына ден қойып, ерекше шабыттанып жүр.